06 қыр, 2021 сағат 17:17

Жолдауға қолдау: Ассамблеялықтар Түркістанда онлайн жиын өткізді



Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан қаласындағы өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бағыттар мен міндеттерді қолдады. Онлайн форматта өткен жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысымен бірге, түрлі этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Түрлі ұлт өкілдері бас қосқан жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәурен Сариев ашып, жүргізіп отырды. Зайырлы мемлекеттік ерекшелігі – елімізде этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі екенін атап өткен басқарма басшысы негізгі міндеттерді атап өтті.

«Баршаңызға белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халқына жолдаған Жолдауы болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Президентіміз бұл жөнінде этносаралық қатынастардың қаншалықты маңызды екенін әрбір азамат түсінуі керек екенін атап өтті. Қазақстан халқының біртұтастығы мен достығын, бірегейлігін нығайтуда Қазақстан Халқы Ассамблеясының да үлесі зор деп білемін», - деді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәурен Нұрланұлы.

Сонымен қатар, аталған онлайн жиынға Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Шамырза Мадалиев мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Марина Лимаренко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шокир Бабаев пен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Тұрғанбай Абдрасиловтар қатысты.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауына қолдау білдіру баршамыздың азаматтық міндетіміз деп білемін. Қазақстан 130-lан астам ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына сыйдырып отырған ғажайып мемлекет. Біз еліміздің, халқымыздың біртұстатығын  сақтап отырған мемлекетіміздің әрбір азаматының еңбегі ерен. Біз осындай жиындар арқылы еліміздің, Президетіміздің әрбір ісіне қолдау білдіреміз. Түркістан қаласында өзбек ұлтының өкілдері көп. Қазақ-өзбек бір туған ағайындай, алақандай қалада тату-тәтті өмір сүріп отырмыз», - Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Шамырза Мадалиев.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Марина Лимаренко Түркістан облысы құрылғаны Асамблеяның да қызметі арта түскенін атап өтті.

«Баршаңызға белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысын құрғалы біздің облысқа деген қызығушылық да, назар да ерекше аударылуда. Оның ішінде үлкен облысқа айланып отырған біздің мекенде қаншама ұлт өкілдері өмір сүреді. Осы орайда облыс үлкейген сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының да қызметі арта түсті. Өйткені әр ауданда, әр қалада әр түрлі ұлт өкілдері, этнос өкілдері қазақ халқымен бірге жасап келеді. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір мүшесі Президенттің халыққа Жолдауын қолдай отырып, бүгінгі бейбіт өміріміз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Марина Лимаренко.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан қаласындағы өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бағыттар мен міндеттерді қолдады. Онлайн форматта өткен жиында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысымен бірге, түрлі этно мәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Сонымен қатар, жиында Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Шамырза Мадалиев мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Марина Лимаренко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шокир Бабаев пен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Тұрғанбай Абдрасиловтар Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері мен алдағы уақытта елімізде атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы жайында айта келе, ортақ шаңырақ – Қазақстанды өркендетуге үлес қосу баршамыздың азаматтық борышымыз екенін сөз етті.