Әлеуметтік желілерде Теміртаудың 8 шағын ауданында жолбарыс босап жүргені туралы видео тарады. Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бейнероликтің жалған екенін анықтады.
"Қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелеген жалған ақпарат таратқаны үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 73 840 теңге айыппұл салынды", - делінген ПД хабарламасында.
Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы еске салып, оны таратпас бұрын ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырды.