14 мам, 2024 сағат 17:11

Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісін қайта қарады

Фото: syrboyi.kz алынды

Сот ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қайта қарап, жазасы өзгертті. Бұл туралы заңгерлер Анна мен Олег Черновтар айтты, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Адвокаттар әділдік орнағанын айтып, қуаныш білдіріп, әлеуметтік желіге пост жариялады. Соттың шешімі үшін олар Қазақстан Жоғарғы сотына алғыс білдірген.

"Мәжіліс депутаты Тұрлыхановтың ұлы Болат Нұрасылға үкімін өзгертіп, екі жылға бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарған Жоғарғы Сотқа алғыс айтамыз. Демек, ол шетелге шыға алмайды, клубтар мен барларға бара алмайды, ішімдік іше алмайды және басқа да қылмыстарды жасай алмайды, пробация қызметіне тіркеліп, күн сайын сағат 23:00-де үйінде болуы керек. Егер ол бұл талаптарды бұзса, сот шартты жазаны шынайы жазаға ауыстырып, жазасын колонияда өтейтін болады", - деп жазады Анна және Олег Черновтар инстаграмдағы парақшаларында.