02 жел, 2020 сағат 15:39

ЖИТС-тің емі жоқ, сондықтан оның алдын алу керек – Жұмабек Бекенов

Ешбір елде ауруды жеке-дара жеңу мүмкін емес, себебі бәрі бір-бірімен байланысты.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын-алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Жаһандық Ынтымақтастық. Ортақ жауапкершілік» дегенге медицина саласының қатысын айтатын болсақ: АИВ немесе ЖИТС-пен ауырған адамдардың белсенділігін арттыру, олардың құқықтарын қорғау, оларды кемсітуге жол бермеу және оларды ақпаратпен толық қамтамасыз етуге жұмыс істеуіміз керек. Түпкілікті жақсы нәтижеге жету үшін барлық адамдарды қамтамасыз етуіміз керек. Мұның дәлелі – елімізде жүріп жатқан коронавиурс инфекциясы. Ешбір елде бұл ауруды жеке-дара жеңу мүмкін емес, себебі бәрі бір-бірімен байланысты», - дейді ҚР ДСМ ҚДСҰО жұқпалы аурулардың алдын-алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов.

Оның айтуынша, ендігі міндет – дүниежүзі бойынша аурудың алдын алу жұмыстарын бір жүйе бойынша жүргізу.

«Бұл аурудың емі жоқ, сондықтан аурудың алдын алу жұмыстары бірінші кезекте тұрады. Еліміздегі медицина қызметкерлері жыл сайын халыққа қызмет көрсету сапасын артыру жолында жұмыс істеп жатыр жатыр», - дейді ол.