28 ақп, 2025 сағат 11:19

Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясындағы қызметінен босатылды

Фото: Мәжіліс

27 ақпанда өткен "Ауыл" партиясы саяси кеңесі президиумының отырысында Жигули Дайрабаев партия төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Ауыл" партиясы шешімді партияның саяси кеңесінің мүшелері бірауыздан қабылдағанын хабарлады.
2023 жылдан бері Жигули Дайрабаев VIII сайланған Қазақстан парламенті мәжілісінің "Ауыл" партиясынан депутаты болды.

Айта кетейік, екі жыл бұрын Жамбыл облысының тұрғыны мәжілісменнің ұлдары оны "еңбек құлдығында ұстағанын" мәлімдеген еді.

Еске салсақ, бұған дейін депутаттар Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді.