Фото: Абай облысы әкімдігі
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен Абай тойы қарсаңында Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесінің жарық шамдары жаңартылып, нысан жаңаша келбетке ие болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қазреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қолдауымен жүзеге асты.
