Жезқазғанда әжесі мен немересін жеңіл көлік қағып кетті. Қазір олар қалалық ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.
«13 қыркүйек күні таңғы сағат 7.40 шамасында Жезқазған қаласында «Мерседес» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі алдын ала мәліметтер бойынша Жалил көшесімен жаяу жүргіншілер өткеліне жетпей, жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Бұл дерек тіркелді. Оның нәтижелері бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 47 жастағы әйел мен оның 5 жасар немересі медициналық мекемеге жеткізілді.
«Әйел Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы травматология бөлімшесінде емделуде. Науқастың жағдайы орташа, тұрақты. Алғашқы көмек көрсетілді, ем алуда. Ал оның немересі нейрохирургиялық бөлімшесіне жатыр», - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.