27 ақп, 2024 сағат 10:29

Жетісуда құны 1 млрд теңгеден асатын тендердің күші жойылды

Фото:pvl.prokuror.gov.kz

Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулық актілерді ұсынбаған.

Прокуратура шараларымен заң бұзушылықтардың дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.