01 сәу, 2023 сағат 14:25

Жетісу облысында қазандық жарылып, бір адам қаза тапты

Фото: Көксу ауданы әкімдігі баспасөз қызметі

Жетісу облысының Көксу ауданында жалпы ауданы 22 шаршы метр қазандық жарылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 1 сәуірде таңғы сағат 8.52-де Қазақстан ауылында болған. Жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапқан.

"Қазір қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр", - дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.