Фото: ашық дереккөз
ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу мәліметінше, ЖШС басшысы екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз алып келген. Келтірілген залал 300 млн теңгеден асты.
110 млн теңге мөлшеріндегі қаржы күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған. Сот санкциясымен құны 300 млн теңгеден асатын зауытқа тыйым салынды.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу қолданылды. Тергеу жалғасуда.
