03 мау, 2024 сағат 11:00

"Жетісу" футбол клубының директоры ұсталды


Фото: Жетісу ФК


"Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


— Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Д-ны 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — деп түсініктеме берді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.


Талдықорған футбол командасы жетекшісінің ұсталу себебі айтылмады.


Бұған дейін бірқатар БАҚ "Жетісу" футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.