28 нау, 2025 сағат 12:18

Жер сілкінісі: теміржол өтпелері мен көпірлер зақымданбады — ҚазАвтоЖол


Фото: ҚазАвтоЖол


Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін жасанды құрылыстарға еш зақым келген жоқ. Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі хабарлады. 


Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісі туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты жолшылар ықтималды әсер ету аймағындағы инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты.


— Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарындағы 5 жол айрығы, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпір егжей-тегжейлі тексеріліп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізілді, — делінген хабарламада.


Айта кетелік Жамбыл облысындағы жер сілкінісі болып, Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталған еді.


Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.