28 қыр, 2022 сағат 15:11

Жер беру тәртібі қалай өзгереді - министр түсіндірді

© Sputnik / Анатолий Устиненко

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кәсіпкерлерге жер беру рәсімі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі кезде кәсіпкерлерге жер бөлудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы заң жобасы әзірленді. Осы құжат жер учаскелерін ашық кадастрлық картаға беру тәртібінің рәсімдерін оңайлатуды және жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы қызмет алушылардың әкімдіктермен өзара іс-қимылын барынша азайтуды көздейді.​

"Бұл түзетулер жер комиссиясы институтын алып тастайды, жер учаскелерін беру рәсімін біріздендіреді, жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр", - деді Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, заң жобасы жылдың соңына дейін қабылданады деген жоспар бар.

Сондай-ақ, босалқы жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері туралы қолда бар деректерді бірыңғай дерекқорға біріктіру қарастырылған.