15 қыр, 2020 сағат 07:38

«ЖЭО-2» газға ауысса, Алматының ауасы 80 пайыз тазарады

«Алматы Жылуэлектр орталығының» табиғи газға өтуі ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін 80 пайызға азайтады. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ мәлім етті.

«Самұрық-Энерго» АҚ хабарлауынша, оңтүстік астанадағы жылу мен электр энергиясының негізгі көзі - Алматы ЖЭО-2 толығымен газға көшеді. 

Қазіргі таңда «АлЭС» АҚ тапсырысымен «ҚазЭнергоөнеркәсіптік» жобалау институтының мамандары ЖЭО– 2 модернизациялаудың жобасын әзірлеуде. 

Кәсіпорынды газға ауыстыру ауаға бөлінген зиянды заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтады. ЖЭО-2 шығатын шығарындылардың жылдық мөлшері 80% -ға төмендейді. Осылайша Алматының ауасы тазарады. 

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ жобаны қаржыландырудың қолайлы көздері мен әдістерін тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.