Бокстан Қазақстан әйелдер командасының үздігі, 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері елге оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Спортшыны Алматының халықаралық әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері күтіп алды. Францияда ел абыройын асқақтатқан боксшыға құрмет көрсетіліп, көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды.
"Жалпы Олимпиада жақсы өтті. Жаттықтырушыларым жақсы дайындап, қола медальға қол жеткіздік. Жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Барлық жанкүйерлерге мың алғыс", - деді ол.