09 мау, 2021 сағат 01:11

Жеңіл атлетикадан екі қазақстандық спортшы Олимпиада жолдамасын иеленді


«Altay Athletics» клубының спортшы қыздары екі Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

«Жеңіл атлетикадан Қазақстан біріншілігінде «Altay Athletics» клубының спортшы қыздары екі Олимпиада жолдамасын иеленді. Жарыстың екінші күні Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова нормативті орындап, бірі 2 метр, екіншісі 1,96 м биікке секірді», делінген хабарламада. 

Ал, Надежда Дубовицкая Азия рекордын жаңартты. 

Айта кетерлігі, жеңіл атлет Мария Овчинникова Олимпиада жолдамасын иеленді.

Еске сала кетсек, 7-9 маусым аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 241 спортшы қатысып жатыр. Жарыс кестесін qazathletics.kz сайтынан көруге болады.