Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелес шығарған ер адамдардың видеосы тарап жатыр. Елордалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілердегі жарияланым авторы 9 қарашада 17 жастағы екі қыз "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығында серуендеп жүргенде, оларға бейтаныс жігіттер қырындағанын айтты. Қыздардың бірі 19 жастағы ағасына қоңырау шалып, шақырғаны, содан жігіттер арасында жанжал шыққаны хабарланды.