Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың фитнес құрылғысындағы көрсеткішті жариялады.
"Нұрсұлтан Назарбаев үшін салауатты өмір салтын ұстану - үнемі басты назарда. Әзербайжанға сапары барысында уақыттың тығыз болуына қарамастан, Елбасы серуендеп үлгерді. Ол Каспий жағалауында шамамен төрт жарым шақырым жаяу жүріп өтті", - деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Фитнес құрылғының көрсеткішіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев қашықтықты 1 сағат 16 минут ішінде жүріп өткен. Тыныштық күйіндегі жүрек қағысы – минутына 71 рет, қозғалыста – 82 рет.
Еске сала кетсек, биыл 6 шілде күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті 79 жасқа толды. Қазіргі уақытта ол - Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.
Елбасы 14-15 қазан күндері Бакудегі Түркі кеңесінің VII саммитіне қатысты. Бірқатар екіжақты кездесу өткізді.