17 мам, 2017 сағат 12:14

Желіде Димаш пен Ева Лонгорияның билеген сәті жарияланды (видео)

Инстаграм әлеуметтік желісінде қазақстандық әнші мен америкалық актриса Ева Лонгорияның билеген видеосы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Танымал тұлғалар Париждегі айтулы шара - Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысқан.

Сондай-ақ, шараның ресми парақшасына Димаштың қызыл кілемге шыққан сәті мен өнер көрсеткен бейнероликтері шықты.

Бұған дейін хабарланғандай, Димашты Париждегі қайырымдылық кешіне Ева Лонгория шақырған. Әлемге әйгілі актриса, продюсер және режиссер ұйымдастырған гала-кеш ЮНИСЕФ-тің қолдауымен 16 мамыр күні Франция астанасында өтті.