15 қаң, 2025 сағат 12:47

Желіде біреуді балағаттау және оны қолдап «лайк» басу – күнә деп саналады – ҚМДБ

Фото: Pexels.com

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы кез келген қорлау, кибербуллинг және әлеуметтік оқшаулауға қатаң тыйым салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

ҚМДБ өкілдері желіде адамның ар-намысына тиетін пікір жазу немесе мұндай жазбаларды «лүпіл» арқылы қолдаудың да дұрыс емес екенін атап өтті.

"Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс", – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынды.