11 қыр, 2020 сағат 08:01

Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Жексенбі, 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

CTS компаниясының мәліметінше, бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағағат 23:00-ге дейін жалғасады. 

Дүйсенбі күннен бастап, 14 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар желіге шығады.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.