05 қаз, 2016 сағат 07:10

Жазира Жапарқұл жол апатына ұшырады (фото)

Рио Олимпиадасының жүлдегері Жазира Жапарқұл Шымкентте жол апатына түсті, - деп жазады ҚазАқпарат.

tvk-uko.kz-тің хабарлауынша, көлік оқиғасы бүгін күндіз Байтұрсынов-Рысқұлов көшелерінің қиылысында орын алды. Ауыратлетшінің әкесіне тиесілі «Hyundai Accent» автомашинасын ауыр жүк көлігі артқы жағынан соққан. Автокөлікке келтірілген шығын үлкен болмағанымен жаңа машинамен болған оқиға олардың көңіл-күйлерін түсірген.

«ҚазАқпарат» тілшілеріне спортшының өзімен тілдесу мүмкін болмады, ол телефонын өшіріп тастаған.

Еске салайық, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 22 жастағы Жазира Жапарқұл күміс медальға ие болды. Үлкен жеңісі үшін облыс әкімі оған екі бөлмелі пәтердің және Land Cruiser 200 жол талғамайтын көліктің кілттерін табыс еткен болатын. Спортшыны аталмыш көліктің тізгінінде әлі ешкім көрмеді.  

null 

null 

null