13 сәу, 2022 сағат 12:33

"Жасыл даму" басшысы қызметінен кетті


Утилизацилық алым операторы - "Жасыл Даму" АҚ басшысы Жанат Самат қызметінен кетті. Ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директоры Олжас Беркінбаев растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Кешеден бері басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жанат Саматқызы "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті", - деді Беркінбаев.

Ол бұл қызметке биыл 1 ақпанда тағайындалған болатын.

Айта кетейік, "Жасыл даму"АҚ бұрын "Оператор РОП" ЖШС болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев компанияны сынағаннан кейін үлесі мемлекетке қайтарылған болатын. Атауы да өзгерді. Сондай-ақ, утилизациялық алымды қысқартуға тапсырма берілген.

Кейінірек Үкіметтің шешімімен Қазақстанда утилизациялық алым екі есе қысқартылды. Алайда жаңа тарифтер әлі бекітілген жоқ.