Елордада «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау осы жылдың 4 қарашасында сағат 9:00-де басталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс істейтін жастардан құжаттарды қабылдау 4 қараша сағат 9: 00-ден 2021 жылғы 11 қараша сағат 23: 59-ға дейін qatysu.zhilfond.kz порталында тек онлайн түрде жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, жалға берілетін тұрғын үй сатып алу және ұзарту құқығынсыз 5 жыл мерзімге беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы 5 000 - 15 000 теңге.
Өтінім берілгеннен кейін, оның қаралуына қарай, өтінім берушінің көрсетілген телефон нөміріне өтінімнің ағымдағы мәртебесі бар SMS-хабарлама жіберіледі.
Үш статустың бірі болуы мүмкін:
Өтінім беруші өтінімнің мәртебесімен телефонға SMS-хабарлама алғаннан кейін qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте таныса алады.
Бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша жұмыс істейтін жастарға 109 Call-орталығына (ұялы телефоннан тегін) немесе 8-700-725-17-32 нөміріне хабарласу керек.
Бағдарламаға қатысу шарттары: