14 қар, 2016 сағат 13:26

Жастар жұмыспен қамтылды

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ОҚОФ «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында «Infomob» ЖШС арасында бірлескен меморандумға қол қойылды. Мақсат – жоғары және орта арнаулы оқу орындарындарын тәмамдаған тұл жетім жастарды жұмыспен қамту.

Меморандум аясында «Infomob» ЖШС-і тарапынан тұл жетімдер арасындағы талантты бағдарламашыларға жұмыс ұсынуға дайын екені айтылған. Жалпы, бұл компания 2016 жылдың қыркүйек айынан жұмысын бастаған IT жоба. «Infomob» мобильді бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Ал бағдарламаның мақсаты елі­міздегі сауда өндірістері мен кәсіпорындарын, сондай-ақ туризм саласын елге танытуды көздейді. Оларды нарықтағы сатылымын арттырып, қыз­меттерін кеңейтуді жоспарлайды.

Облыста бүгінге дейін «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында тұл жетім жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында жергілікті ірі кәсіпорындармен 30-ға жуық меморандумға қол қойылған. Олардың қатарында «Алтын Дән» ЖШС, «Отау-Строй» ЖШС, «Europharma» ЖШС, «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» ЖШС-гі, «Казмедприбор» холдингі, «Forte bank» АҚ және  «Цесна банк» АҚ-ы бар.

Білім және ғылым ми­нистрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2015-2016 жылдары  облысымыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарын 274 тұл жетім жас  тәмамдаған. Ал 152 тұл жетім жұмысқа орналасып, 18-і жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. 2-і әскери қызметін өтеп жүр.  Сондай-ақ 93 азаматтың жұмысқа орналасуына консультациялық көмек ұйымдастырылған.

 Назгүл НАЗАРБЕКОВА, 
Оңтүстік Қазақстан облысы