Биыл «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының көкжиегі кеңеюде. Өйткені бүгін Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов және «Жас сарбаз», «Ассамблея жастары» қозғалыстарының тәрбиеленушілері қатысты.
«Баршаңыз куә болғандай, бүгінгі күн ерекше. Бұл күнді тарихи сәттердің жарқын бейнесі деп білемін. Жастар ұйымдары құжатқа қол қойды, енді алда белсенді әрі бірлесіп атқаратын жұмыстар бар. Мақсатымыз бір. Ал меморандум ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі. Бүгінгі таңда елімізде жастар саны артып, оларға артылған үміт те көп. Сондықтан бүгінгі келісім жарқын болашақтың кепілі деп нық сеніммен айта аламын», – деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.
«Ассамблея жастары» ұйымы «Қасиетті парыз» деп аталатын жобаны ұйымдастыру арқылы әскери-патриоттық тәрбиені дамытуды қолдады. Генерал-майор Мұхамеджан Таласов жаңа Қазақстанның құрылысы мемлекеттің одан әрі дамуы мен өркендеуінің, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын тиімді орындаудың басты ресурсы болуы жас ұрпаққа байланысты екенін атап өтті.
«Еліміздің ертеңі – жастар. Сондықтан да Отан алдындағы әрбіріміздің міндетіміз қасиетті парыз деп білейік. Және бір арман, бір мақсатқа жұмылған жастардың қолынан бәрі келетініне сенемін. Осы орайда «Қасиетті парыз» деп аталатын жобаны ұйымдастыру арқылы әскери-патриоттық тәрбиені дамытсақ, еліміздің ертеңі үшін өте пайдалы болмақ. Сіздерді осы бір маңызды істе бір болуға шақырамын», – деді Генерал-майор Мұхамеджан Таласов.
Бүгінгі шара қоғамдық бірлестіктер арасында өзара ынтымақтастықты орнатуға, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жан-жақты дамытуға күш салуға бағыттауға, жастар бастамаларына қолдау көрсетуге, бірлескен жобаларды ұйымдастырып, іске асыруға оң ықпал етеді. Осы орайда айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Жас сарбаз» балалар-жаөспірімдер бірлестігін құру басым бағыттардың бірі ретінде тапсырған болатын. Осылайша, ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарулы күштердің Ұлттық әскери-париоттық орталығында өткен іс-шарада республикалық жасөспірімдер қозғалысы құрылып, Н.Назарбаев қозғалыстың құрметті төрағасы болып тағайындалды. Осы шарадан соң оқушылар мен жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені күшейту, оның ішінде «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестіктің өңірлік филиалдары құрылып, нақты жұмыс басталды. Бүгінде елімізде 6 мыңға жуық әскери-патриоттық клуб және әскери-патриоттық сыныптар ашылған. «Жас сарбаз» қозғалысы қазір 170 мыңдай өренді біріктіріп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Биыл «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының көкжиегі кеңеюде. Өйткені бүгін Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы меморандумға қол қойды. Аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов және «Жас сарбаз», «Ассамблея жастары» қозғалыстарының тәрбиеленушілері қатысты.