Бүгін жастарға қызмет көрсету
орталығының алаңында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлнар Тойлыбаева және Алматы
облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық
басқармасының басшысы Асқар Садықовтың қатысуымен жас мемлекеттік
қызметшілермен жұмыс кездесуі өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің оң
имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың
дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері
арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Кездесу барысында жастар тарапынан қызмет пен отбасын қатар алып жүруге, бүгінгі замандағы білімнің қоғамда алатын орнына қатысты маңызды сауалдар қойылды.
Спикерлер мемлекеттік қызмет
саласындағы жемқорлықпен күрес шаралары, ағымдағы жылдан қолданысқа енгізілген
әкімшілік-процессуалдық кодексті, мемлекеттік қызметкерлердің этикасы мен
Президенттік кадрлық резервке іріктеуге қатысты маңызды ақпараттар беріп,
жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.