26 тамызда кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде бірнеше жарылыс болды. Жарылыстан кейінгі әуеден түсірілген суреттер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жамбыл облысындағы жарылыс салдары. Әуеден түсірілген суреттер.
27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.