08 сәу, 2022 сағат 11:46

Жапониялықтар Головкинді туған күнімен құттықтады


IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен жекпе-жек алдында туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 8 сәуірде Қазақстан боксының жұлдызы 40 жасқа толды. Геннадийдің інісі Максим де құттықтаулар алды.

"Arigato ありがとう Thank you! Рақмет! Спасибо!" - деп қазақстандық құттықтауларға жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін Головкин мен Мурата салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Екі боксшы да орта дивизиондағы салмақ шегін орындады. Орташа салмақ шегі - 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі.

Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді және Головкинге тиесілі IBF және IBO әлем чемпионы титулдары мен Муратаға тиесілі WBA Super белбеуі сарапқа салынады.