10 қаң, 2025 сағат 12:01

Жапония қазақстандық компанияға санкция салды


Фото:uralskweek.kz

10 қаңтарда министрлер кабинетінің отырысында Үкімет Украинаға басып кіргені үшін Ресейге қарсы қосымша санкцияларды мақұлдады. Сондай-ақ Ресейдің санкциялардан жалтаруға қатысы бар деген күдікпен алты елдегі 31 ұйымның экспортына тыйым салды. Оның ішінде қазақстандық компанияда бар, деп жазады Жапонияның nikkei.com басылымы. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

"Үкімет Ресейдің өнеркәсіптік қуатын нығайтуға көмектесетін қозғалтқыш бөлшектері бар арнайы көліктерге арналған крандар мен шағын мотоциклдер сияқты тауарлардан тұратын 335 позицияны экспорттауға тыйым салады. Эмбаргоға химиялық қаруды шығаратын капсаицин сияқты химиялық заттар да жатады", -делінген хабарламада.

Сонымен қатар басылымның жазуынша 335 тауардың экспортына тыйым салу 23-ші қаңтарда күшіне енеді. Сонымен қатар 11 ресейлік жеке тұлға, 29 ұйым және үш банк активтері тоқтатылады. Ресейден тыс бір жеке тұлғаның және бір банктің активтері де бұғатталады.

Сондай-ақ Ресейдің санкциялардан жалтаруға қатысы бар деген күдікпен алты елдегі 31 ұйымның экспортына тыйым салынды. Олар Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ), Қытайдағы, Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Таиландтағы және Түркиядағы ұйымдар.

Министрлер Кабинетінің Бас хатшысы Ёсимаса Хаяши баспасөз мәслихатында:

"Жапония Украинаның айналасындағы мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерге ықпал етеді. Біз халықаралық қауымдастықпен, соның ішінде "Үлкен жетілік" (G7) елдерімен бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз. ."",- деді ол.