02 сәу, 2022 сағат 12:51

Жапондықтар Головкинді ыстық ықыласпен қарсы алды - GGG промоутері


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Жапонияда Риота Муратамен өтетін жекпе-жегі жергілікті БАҚ-тың және бокс жанкүйерлерінің зор қызығушылығын тудырып отыр. Бұл туралы GGG-дің промоутері Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

IBF/IBO орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді. GGG қазір командасымен бірге Токиода. Ол жекпе-жекке дейін сонда болады және карантин уақытын өткізеді. 

«Бұл жекпе-жек мұндағы айтулы оқиға болмақ. Геннадийді көп журналист пен фанаттары әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды», - деп жазды Леффлер Twitter парақшасына.