
Алматы қаласының бес мың тұрғынына жүргізген зерттеу коронавирустық инфекцияға қарсы ұжымдық иммунитеттің қалада 55-56% деңгейінде қалыптасқанын көрсетті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зерттеуді санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы жүргізуде. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, кездейсоқ іріктеу арқылы 5 мың адам тексерілді, оның нәтижесі бойынша ұжымдық иммунитет 55-56% деңгейінде деген қорытынды жасалды.
«Алайда, бұл толық және дәл қорытынды шығару үшін жеткіліксіз. Жұмыс жалғасуда», - деді ол.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі екенін айтқан болатын.
