Қазақстаным
Дара дастаным,
Өмір бастауым.
Ашық аспаным, сенсің қуатым,
Мөлдір бұлағым, шыңның биігі
Қазақстаным!
Елім, жұртым, майлы ғой ұртым,
Еліміз құралған дарадан,
Дарабоз нарқың, өзгеше салтың,
Жазылған шартың, Қазақстаным!
Жанұя бақытым, жастарым жақұтым,
Нулы орманым, қулы көлдерім.
Шулы шөлдерім, асқақ қой арманым
Қазақстаным!
Жер асты көмірлім, су асты мұнайлым,
Егінім жайқалған, жер үсті шұрайлым.
Ел тобыр емес, ол сенің бауырың,
Біріккен қауымың Қазақстаным!
Сырласам сырым, жырласам жырым,
Жұмылса жұдырық, ашылса арқауым.
Шашылса тарқауым, сенің бақытым
Қазақстаным!
***
Алғыс
Ризалық айтамын мен бір өзіңе,
Жүрекке үнді қосып бергеніңе.
Көзімнің ақты, қара көргеніме,
Ой беріп, самал желге ергеніме.
Ризалық айтамын мен табиғатқа,
Тасыма, өзеніме, көлдеріме.
Ну орман, асқақ көңіл, ел, жеріме
Көріп-ап небір сұлу жаңалықты,
Сұлулық, албырттықты тергеніме.
Өмірде көріп небір тазалықты,
Ер етіп, әйел етіп бөлгеніңе.
Ортаға махаббатты сәуле қылып,
Баладан ұрпақ жалғап бергеніңе.
Ризалық өзіңе тек әлі, тағы,
Адам ғып мүшені сайлап-сайлап тергеніңе.
Айтамын алғысымды күлгеніме,
Жас сәби немеремді сүйгеніме.
Ризалық айта аламын білім үшін,
Оқуға, әріптерге тізім үшін.
Алғысым айта берсем шексіз менің,
Айды да аспандағы көргеніме.
Алғысым тағы менің қыс, жазыма,
Ызғардан ауысатын көктеміме.
Ауама ауысатын жаз бен күзге,
Өмірге, құбылысқа, кең төріме.
Алғысым менің тағы ауылыма,
Туған ел, жора-жолдас, бауырыма.
Алғысым осы менің ата-анама,
Аяқ, қолым бүтін етіп туғанына.
***
Тәуелсіз күн
Алдын-ала келер күнді
Болашақты қорғап,
Ауа-райын жауырынға
Қарап қана болжап,
Болашақты ойлап
Парақ-парақ жыр жазған,
Жақсылық пен жамандықтан
Мақал-мәтел жырлаған,
Қазақ атам бөрік киіп
Шапан киіп күнелткен,
Әжелерім жеңсіз киіп
Орамалын пір еткен,
Текеметін жиып ұстап
Шаң жуытпай тақ еткен,
Төрт түлікті бағып, қағып
Өзін-өзі жыр еткен,
Көршілерден тәлім алып
Білгірлерді аңсаған,
Қиындыққа төзіп бірақ
Жерін, арын сатпаған,
Салт-дәстүрді сақтай жүріп
Арам суды татпаған,
Талай заман қиыншылық
Бейнетпенен жоқшылықты,
Қонышынан басты олар
Енді міне, тәуелсіз күн қолы жетіп,
Тәуелсіздік туына
Қорықпайды, ықпайды да,
Арам пиғыл қуынан
Келді күнің, өсті гүлің,
Елім, туым аңсаған
Қалам да тың,
Өмірім күн, болашаққа бастаған.
***
Аққайың
Аққайың неге сонша ерекшесің?
Ақ болып, тәкаппар боп бөлекшесің.
Емен мен қарағайға қарағанда,
Бой түзеп, сылдыр қағып өлшенесің.
Көктемде күнге қарап күлімдейсің,
Таң атып, кеш батқанда күнімдейсің.
Ғашықтар сырласқанда бой сағалап,
Естімей, ешкімге де сыр бермейсің.
Мұң айтып, сырласқанда мұңаясың,
Ән арнап, жырлағандаырғаласың.
Әуенге сырнайлатқан еріп кетіп,
Би билеп, шыр көбелек айналасың.
Желге де, жаңбырға да қуанасың,
Сырғаңды сылдырлатып сыланасың.
Кететін ұзатылып қыз секілді,
Мөлдіреп, жәудіреп бір ұрланасың.
Таққаның алқаменен мөлдір моншақ,
Сырғаң да сыңғырлайды гауһардай саф.
Тамырың тереңдікте қат-қабатта,
Бойың да биіктейді аспанға шақ.
ЖАНАТ ЖЕКЕЕВА