Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" mangystaumedia.kz порталына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына ауыр халде жеткізілген екі науқас, яғни 1972 және 1977 жылы туған ер адамдар қайтыс болды.
"Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады. Олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туысы мен жақынына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілі.