07 нау, 2025 сағат 12:05

Жаңаөзенде мешіт өртеніп, 11 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті

© Sputnik / Алексей Куденко 


Жаңаөзенде мешіт өртеніп, жеткіншек ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ult.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.


Оқиға 6 наурыз кешке болған. Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша мешіттің кілемі өртенген.


"Шаңырақ ықшам ауданында кешке қалалық мешітте өрт болды. 40 шаршы метр аумақ жанған. Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.


Ал өрттен зардап шеккен 11 жастағы жасөспірімнің жағдай ауыр дейді дәрігерлер.


"Бала термиялық күйік алған, бет-аузы, мойны, жоғарғы тыныс алу жолдары, жалпы денесінің біраз бөлігі күйіп қалған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Қажетті ем-шаралар жасалып жатыр", - дейді Жаңаөзен қалалық ауруханасының мамандары.