#
#
Сейсенбі 20/10/2020

Жаңаөзенде көшеден табылған сәбидің жағдайы ауыр, миына қан құйылған - дәрігерлер

  • 21.09.2020
  • 0
  • 111

Жаңаөзенде табылған тастанды нәрестенің жағдайы тұрақты ауыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Жаңабай Оңайбаевтың айтуынша, тексеріс кезінде оның миына қан құйылғаны анықталған. Сондай-ақ, дәрігер баланың басқа да жарақаттары барын айтты. 

«Тексеруден кейін баланың миына қан құйылғаны және бас сүйегінде басқа да жарақат бары анықталды. Нәрестенің қалай жарақат алғанын дөп басып айту қиын. Өйткені, анасының қашан және қалай босанғанын білмейміз. Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестеге қажетті ем-дом жасалды. Зонд арқылы тамақтанады», – дейді Жаңаөзен көпсалалы ауруханасының директоры. 

Дәрігерлер шақалаққа Бақыт Рахат есімін берген. Баланың тегі өзі табылған шағынауданның атымен сәйкес келеді. Полицейлер баланың биологиялық анасын әлі таппады. 

Естеріңізге сала кетейік, 13 қыркүйекте Жаңаөзендегі «Рахат» ауданындағы көшелердің бірінен тастанды нәресте табылды. Тұрғындар жылап жатқан баланың дауысын естіп, 103-ке қоңырау шалады. 

Жедел жәрдем бригадасы жаңа туған нәрестені Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізген. 

Баланың салмағы - 2 келі 740 грамм, бойы - 49 сантиметр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар