20 ақп, 2022 сағат 14:52

Жаңаөзенде қару жасырылған қойма табылды



Жаңаөзенде қызметтік иттің көмегімен қала тұрғынының гаражынан қару-жарақ табылды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратта айтылғандай, қару-жарақ "Мамыр" шағын ауданында тұратын 34 жастағы ер адамның гаражында жасырылған. Ұлттық ұлан әскерилері оны қызметтік иттің көмегімен тапты.

Гаражды тінту барысында заңсыз сақталған 1 шолақ аңшы мылтығы мен 1 спорттық мылтық тәркіленді.

Айта кетейік, былтыр Ұлттық ұлан әскерилері қызметтік иттің көмегімен заңсыз есірткі айналымының үш фактісін әшкереледі.