Жуырда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбаты «Ана тілі» газетінде жарияланған болатын.
Осыған орай, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы елімізге белгілі ақын-жазушылардың қатысуымен Zoom платформасында «Жаңа талаптар жағдайындағы Қазақстан» атты онлайн конференция өткізді.
Онлайн конференция барысында елдегі қазіргі хал-ахуал, ұлттық құндылықтарымыз бен мемлекеттік тіл мәртебесі турасында әңгіме өрбіді.
Қаламгерлер сұхбатта айтылған бірқатар мәселелер төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті.