14 жел, 2020 сағат 07:10

15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы деректі фильм эфирге шығады

«Хабар» арнасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат.

Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі мәлімет таратты. 

«15 желтоқсан сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасының эфирінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы шығады» деп жарияланды Instagram парақшасында.