Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына жəне "Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мəселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сəйкес Қаулы етемін:
- Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын.
- Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сəйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының əкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлық мәтінінде.