Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Самат Нұртаза Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сарапнышың сөзінше, халық Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын асыға күтті.
«Жолдауда қазіргі уақытта өзекті деп саналатын күрмеуі қиын мәселелердің барлығы дерлік қамтылды. Негізгі аспектілердің бірі – облыс орталықтарын қайтару. Мұны қоғам күтті. Себебі, Ұлытау, Семей, Талдықорған өңірінен тұрғындар көшіп жатыр. Басты проблема жұмыссыздық. Енді бәрі өзгеруі керек. Мемлекет басшысы аталған қалаларға екінші өмір сыйлады. Бұл үлкен жұмыс. Мемлекет басшысына мың алғыс!», – деді Самат Нұртаза.