Жаңа Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысында ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы министр болып тағайындалды. Асқар Қуанышұлына атқарған қызметі үшін алғыс айтамыз. Дархан Қуанышұлы, сізді құттықтаймыз", - деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.
Заң бойынша үкіметтің жаңа мүшелері ант беруге міндетті.
"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуы жолына жұмсауға, Конституция мен заңдарды бұлжытпай сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық этносаралық және конфессияаралық келісім принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қауымдастықта беделін нығайтуға ант етемін", - деп ант мәтінін оқыды Дархан Қыдырәлі.