#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Жамбылдықтар карантинге қарамастан үйлену тойы мен беташар өткізуде – Сапарбаев

  • 08.07.2020
  • 0
  • 328

Өңірлоік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарын кезекті рет карантин кезінде отбасылық жаппай іс-шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен облыс тұрғындарына тағы да ескерткім келеді. Қазір бәрі өзімізге байланысты. Біз жақындарымыз бен айналамыздағылар және біздің көмегіміз бен қолдауымызға мұқтаж жандар үшін жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек. Мен жамбылдықтарды барлық санитарлық және карантин шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Қарт адамдардан қажетсіз сыртқа шықпауын сұраймын. Облыста 300-ден астам егде жастағы адам коронавируспен ауырған. Өкінішке орай, қарт кісілер бұқаралық отбасылық шараларға, үйлену тойларына, беташарларға, құдалықтарға баруды жалғастыруда. Осылайша сіз өз туыстарыңыз бен жақындарыңыздың деңсаулығына қауіп төндіресіз. Ондай болса балаларыңыз бен немерелеріңізге қандай үлгі көрсетесіздер?» - деді Сапарбаев брифингіде.

Аймақ басшысы азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сенудің, жалған немесе нақты емес ақпараттарды таратпаудың маңыздылығын баса айтты.

«Түрлі арандатушылыққа бой алдырмаңыздар. Кез келген ақпаратты тиісті мемлекеттік органдарда тексеруге болады. Егер әрқайсымыз қазіргі жағдайдың күрделілігін сезініп, түсінетін болсақ, қабылданған барлық шаралар өз нәтижесін беретін болады. Ол үшін мемлекет, қоғам, азаматтар бірлесіп әрекет ету қажет», - деп түйіндеді ол.

Бүгінгі таңда облыста коронавирус инфекциясының 1 866 жағдайы тіркелген. Оның ішінде: 865 – симптомдық науқастар болса, 1 001-і симптомсыз. Індет жұқтырғандардың 305-і зейнеткер, 475-і жұмыссыз, 68-і жүкті әйел, 121-і әскери қызметші, 100-ге жуығы балалар мен мектеп оқушылары.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар