16 ақп, 2024 сағат 09:51

Жамбылдық полицейлер Қызыл кітапқа енген жануарды атқан тұрғынды ұстады


Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында "Сапсан" жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік дерегін жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жамбыл облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күдікті тұрып жатқан құмды аймақтағы шаруа қожалығын тексеру барысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының тушасы сондай-ақ 2 тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленді. 

Қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың 1- 29 ақпаны аралығында аймақта "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлайды. Осыған байланысты, жануарлар мен құстарды заңсыз атпауды, флора және фауна дүниесіндегі заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.