12 қаң, 2022 сағат 17:26

Жамбылда тағы 26 адам ұсталып, 13 қару-жарақ тәркіленді


Жамбыл облысында кеше түнде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталып, олардан 13 қару-жарақ табылды. Ол бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ҰҚК облыстық департаментінің қызметкерлері ұсталғандардан 7 Калашников автоматы, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ, 100 оқ-дәрі тәркіленді. 

Жалпы, облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2000 мыңға жуық. 

Бүгінде оның 400-ге жуығы полицияға жеткізілді.

Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған.

Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. 

Ұсталғандардан 97 бірлік қару-жарақ тәркіленді. 

Олардың 142-іне әкімшілік іс қозғалған (110 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 9-ына айыппұл салынып, 23-іне ескерту берілген).