Жамбыл облысында 11 көліктің қатысуымен жол апаты болды.
Жамбыл облысы аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 393-шақырымында Алматы бағытында 11 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басапасөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.