27 там, 2021 сағат 00:07

Жамбыл облысының жарылыс болған аймағында пойыз қозғалысы тоқтады


Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Тараз-Луговое жол бөлігінің тақ және жұп бағыттары барлық пойыздар үшін жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оған Жамбыл облысындағы темір жол желісінен 250-300 метр аумақта оқдәрілердің жарылуы себеп болып отыр», - деп жазды өзінің Facebook парақшасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қайсар Жұмабайұлы. 

Жарылыс болған аймақтан 8-10 км қашықтықта жатқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіруші пойыз келді. Сондай-ақ өрт сөндіруші пойыз Шу станциясынан да жөнелтілді.

Жолаушылар мен жүк тасымалдаушы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. 

«Қазіргі таңда Петропавл-Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 пойыздары мен тағы 14 жүк пойызы уақытынан кешігеді», - делінген хабарламада.