23 қаз, 2024 сағат 10:42

Жамбыл облысындағы шекарадан жанармайды заңсыз өткізудің 159 дерегі анықталды


Фото: ҚР ҰҚК


Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.
Ағымдағы жылдың басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды», — деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметінен.


Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілген.