22 қыр, 2025 сағат 11:31

Жамбыл облысында жүк пойызынан 890 980 қорап темекі тәркіленді

Фото: ҰҚК

12 қыркүйекте Жамбыл облысындағы шекара бекетінде ҰҚК Шекара қызметі жүк пойызын тексеру барысында 890 980 қорап темекі тәркіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Өнім акциздік маркасыз болған және ілеспе құжатсыз, құрылыс материалдары ретінде жасырылған.

Алдын ала есеп бойынша, тауардың жалпы құны 600 миллион теңгеден асады. Жүкпен ұсталған вагон ажыратылып, процессуалдық шаралар жүргізілуде.