16 там, 2021 сағат 02:00

Жамбыл облысында тоқтатылған пойыз жолаушылары үшін шұғыл желі іске қосылды


Жамбыл облысында нөсер жауын салдарынан теміржол көпірі шайылып кеткендіктен, алты жолаушылар пойызы тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

15 тамызда 19 сағат 10 минутта ТЖД кезекші қызметіне Шу ауданында, Аспара ауылынан екі шақырым жерде, қатты жауын-шашынның түсуінен теміржол көпірі мен автожол астындағы су өткізу құрылыстарында су ағыны пайда болғаны туралы ақпарат келіп түскен. 

Салдарынан республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының 68 шақырымы, шамамен ені 3 шақырым болатын бөлігі сумен шайылып кеткен.

«Сондай-ақ, «Аспара-Шу» 3717 км қатынасындағы теміржол көпірінің тірек-негіздері жартылай шайылған. Теміржолдың екі желісі жабылып, пойыздар қозғалысы тоқтатылған. Жамбыл облысы ТЖ департаментінде штаб ұйымдастырылды және 8 7262 51 41 67 нөмірінде жедел желі ашылды», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазавтожол» АҚ күшімен барлығы 42 адам және 17 техника жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Оқиға орнына ТЖД басшылығы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері (8 адам және 3 бірлік техника) жетті.

Жұмысты 16 тамызда таңертең аяқтау жоспарланған. Осыған байланысты келесі жолаушылар пойыздарының кешігуі күтіледі: 

- No712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағыты бойынша;

- No78 Маңғыстау - Алматы -2 бағыты бойынша;

-No 42 Атырау-Алматы-2 бағыты бойынша;

- No 23 Алматы -1 - Ақтөбе бағыты бойынша;

- No 29 Алматы -2 - Атырау бағыты бойынша; 

- No 33 «Алматы -2 - Ақтөбе» бағыты бойынша.